Өзбекстанда бірқатар әлеуметтік желі қызметіне шектеу қойылды

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы азаматтарының жеке деректерін заңсыз өңдейтін әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап.

Өзбекстанда бірқатар әлеуметтік желі қызметіне шектеу қойылды

ӨзА агенттігі «Узкомназорат» Өзбекстан Республикасының Ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік испекциясына сілтеме жасаған.

«Өзбекстан Республикасы «Дербес деректер туралы» Заңының 271-бабына қайшы түрде Өзбекстан Республикасы азаматтарының жеке деректерін өңдеуге байланысты кейбір әлеуметтік желілер 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап «Жеке деректерді бұзушылар тізіліміне» енгізілді және Интернет желісінде осы ресурстан ӨР аумағында пайдалану тиісті тәртіпте, анықталған кемшіліктер жойылмайынша оның қызметі шектелді», делінген ресми орган «Узкомназорат» хабарламасында .