Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғыс көліктерінің шеруі өтті
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында Екінші дүниежүзілік соғыста пайдаланған техникалардың шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шеруде әскери оркестр соғыс жылдарындағы ескі әуендерді орындады.
«Біздің акция 9 мамыр - еске алу мен құрмет көрсету күніне арналған. Бұған дейін біздің оркестр метрода шеру өткізген болатын. Оны халық жылы қабылдап, бізге қолдау көрсетті. Сондықтан, соғыс жылдарындағы техникаларды шығарып, үлкен шеру ұйымдастыруды ұйғардық», - деп атап өтті Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Тимур Нарзиев.
Мерекелік акцияны Өзбекстан Қорғаныс министрлігі, Өзбекстан жастары одағының кеңесі және «Retro uz» автоклубы ұйымдастырған.




