Өзбекстанда енді мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бағаны жасанды интеллект қадағалайды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан үкіметі жемқорлықпен күрес үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне жасанды интеллектіні енгізбек, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстанда енді мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бағаны жасанды интеллект қадағалайды
Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық кеңесте мәлім болғандай, енгізілетін жасанды интеллект тауар мен қызметтердің нарықтағы орташа құнын бақылап отырады. Яғни, бағаны қолдан көтеру анықталған жағдайда жүйе автоматты түрде тиісті органдарға хабарлама жолдайды. Сәйкесінше, ведомстволарға айыппұл салынады. 

Сонымен қатар Өзбекстан президенті Министрлер кабинетіне қызметтік көлікті сирек пайдаланып, отандық өндірістегі жиһаздарды сатып алуды тапсырды. 

Еске салайық, Өзбекстан президенті жемқорлықпен күреске жауапты 117 шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды.

Сондай-ақ көршілес елде заңсыз байлыққа кенелгендерге жаза енгізу ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар