Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты өтеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Футзалдан кезекті әлем чемпионаты биылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкент, Бұхара және Әндіжан қалаларында өтеді. Бұл туралы ӨзА агенттігі жазды.

доп
Фото: uza.uz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Adidas компаниясы осы чемпионатқа арналған доптың ресми дизайнын таныстырды. Жаңа көріністегі доп спорт сүйер қауымның назарына ілікті.

Допта дәстүрлі өзбек асханасында қолданылатын қызыл бұрыш бейнеленген. Доптың дизайны футзалдың жылдамдығын және Өзбекстанның бай мәдени мұрасын бейнелейді.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан Парижде Олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізгені туралы жазған едік.

Олар Париж төрінен 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы медальдар кестесінде 13-орынға қол жеткізді. Бұл – Өзбекстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы ең үздік тарихи көрсеткіші.