Өзбекстанда халық саны бір жылда 700 мың адамға өсті
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылдың 1 қазанында Өзбекстанның тұрақты халқының саны 39,54 миллионға жетті, деп хабарлайды Kazinform.
Өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 692 200 адамға (1,8%) өсті.
Өзбекстан ұлттық статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 4,46 миллион тұрғыны бар Самарқант облысы елдің ең халқы тығыз өңірі болып отыр. Екінші орындағы Ферғана облысында 4,29 миллион адам тұрады. 3,8 миллион адам тұратын Ташкент облысы үлкен үштікті түйіндеген.
Тұрғын саны ең аз өңір 965 400 тұрғыны бар Сырдария облысы.
Ел астанасы Ташкентте 3,28 миллион адам тұрады.
Еске сала кетейік, биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Өзбекстан халқының саны 38,5 млн адамнан асқан болатын.
Былтыр Қазақстанға Өзбекстаннан 5 млн астам турист келген.