Өзбекстанда халықаралық карталардан валюталарды шешіп алуға рұқсат берілді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат -  Өзбекстанда 2018  жылдың 1 сәуірінен бастап жеке тұлғаларға халықаралық төлем карталарымен сатып алынған шетел валюталарын қолма-қол шешіп алуға құқық берілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Өзбекстан Орталық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

«Халықтың қолма-қол шетел валютасына сұранысын қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні коммерциялық банктердің касса бөлімдері, валюта айырбастау пункттері және банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаны алу шарттары жасалды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Өзбекстан коммерциялық банктерінде халықаралық төлем карталарынан қаржы алуға мүмкіндік беретін сәйкес терминалдар орнатылған. Республикада осы жылдың соңына дейін 1000 банкомат орнату жоспарлануда.

Халықаралық төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес, бір банктің картасынан басқа банктерде қолма-қол ақша шығарып алғанда, қосымша комиссия (шығарылған соманың 1%) ұсталады.

Соңғы жаңалықтар