Өзбекстанда Ханабадтағы және Әндіжандағы лаңкестікке қатысты кінәлі адамдар бойынша ашық сот өтеді

ТАШКЕНТ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Өзбекстанда кеше елдің Бас прокуроры Рашитжон Қадыров бастаған арнайы комиссия құрылды. Оның міндетіне 2009 жылғы мамырдың 26-сында жасалған лаңкестік актісі бойынша қозғалған қылмыстық іс жөнінде ашық сот тыңдауын даярлау және өткізу енеді.

Өзбекстанда Ханабадтағы және Әндіжандағы лаңкестікке қатысты кінәлі адамдар бойынша ашық сот өтеді
ҚазАқпараттың бұған дейін хабарлағанындай, ресми деректер бойынша ағымдағы жылғы мамырдың 25-інен 26-сына қараған түні Ханабадта және мамырдың 26-сы күні күндіз Әндіжанда лаңкестік оқиғасы орын алған. ӨР Бас прокуратурасы «алын-ала деректер бойынша топтың Әндіжан облысының аумағына көршілес Қырғызстаннан енгенін» ресми түрде мәлімдеді. Лаңкестікті мойнына алған нақтылы адамдар, олардың азаматтығы немесе ұйымдары туралы ресми мәліметтер түскен жоқ.