Өзбекстанда Интернетті дамыту үшін «Korea Telecom» 10 млн.доллар инвестиция салады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Korea Telecom-ның» иелегіне жататын «Super iMAX» компаниясы 2015 жылдан бастап, Өзбекстанда Интернетке кіру мүмкіндігі жоғары 4G LTE TDD жүйесін енгізбек, деп хабарлады Trend.az
Компанияның жұмыс жоспарына сәйкес, 2015 жылы 4G LTE TDD жүйесі Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалаларында орнатылады. 2016 жылға қарай республиканың өзге де елді мекендеріне жеткізіліп, қазіргі қолданыстағы WiMAX жүйесін ауыстырады. Корей операторының бағалауынша, олар ТМД бойынша, LTE TDD жүйесін тұңғыш таратқалы отыр. Ол үшін Korea Telecom 10 млн. доллар инвестиция салмақ.