Өзбекстанда ірі көлемде есірткі жойылды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ташкенттің өнеркәсіптік зауыттарының бірінде 1 тонна 922 келі есірткі партиясын жойды, деп хабарлады Өзбекстандағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өзбекстанда ірі көлемде есірткі жойылды

null
Есірткіні бақылау ақпараттық-талдау орталығының деректеріне сәйкес құқық қорғау органдары 2016 жылы заңсыз есірткі айналымына байланысты 6 646 қылмыс фактісін анықтады.  Оның 2 798-і - есірткі сату, 645-і - контрабанда, 1 482-сі - есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру, 145-і - есірткі притондарын ұстау, 1 576-сы - басқа да есірткі қылмыстары.
null 

Өткен жылы республика бойынша барлығы 3 тоннадан астам есірткі, оның 107,8 келісі - героин, гашиш - 241,2 келі, марихуана - 883,2 келі, көкнәр - 862,8 келі, сондай-ақ психотроптық заттар тәркіленді.
null 

ӨР ҰҚҚ  деректеріне сәйкес есірткі елге негізінен Тәжікстан, Қырғызстан, және Әмудария өзені, Ауғанстаннан тікелей Сурхандария облысына, оңтүстік-шығыста - Самарқанд, Сырдария облысына, солтүстік-шығыста - Ферғана аңғарына өтеді.

Өзбекстан аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін шетел мемлекетінің 110 азаматы ұсталды.
null