Өзбекстанда ішінен 16 ине табылған сәби оңалып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкенттік дәрігерлердің айтуынша, ішінен 16 ине табылған сәбидің жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Өзбекстан-24» телеарнасына сілтеме жасап.
None
None

Телеарнаның Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығынан жасаған арнайы репортажында бір жасар баланың жағдайы жайында әлеуметтік желіде тараған түрлі қауесеттер шындыққа жанаспайтыны, оның жағдайы тұрақтанып келетіні айтылады.

Ғылыми орталықтың профессоры, медицина ғылымдарының докторы Хабибулла Ақиловтың айтуынша, қазір баланың өміріне қатер төніп тұрған жоқ. Тоғыз сағатқа созылған ота барысында 13 ине алынған, ал қалған үшеуі әлі де баланың ағзасында. Бірақ олар баланың өміріне әзірше аса үлкен қауіп төндірмейді. «Бала есін жиған. Әрине, жағдайы жақсы деп айтуға әлі ерте, бірақ оның оңалып келе жатқаны бізді қуантады», - дейді ол.

Айта кетсек, kun.uz интернет басылымы 22 қаңтарда Өзбекстан республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына жеткізілген бір жасар Әзизбек Абдумажидовтің денесінен 16 ине табылғанын хабарлаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар