Өзбекстанда қаралы шаралар өтуде

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның барлық аудандары мен қалаларында елдің Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қаза табуына байланысты қаралы жиындар өтуде.

Өзбекстанда қаралы шаралар өтуде

Өзбекстан Олий Мажлис Сенатында көңіл білдіру кітабы ашылды.

null  

Жұртшылық өкілдері, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер таңертеңнен бастап алаңға шығып, Ислам Каримовтың портретіне гүл шоқтарын қоюда.

Нөкіс   жастар орталығында өткен рәсімге  Жогаргы Кенес және Қарақалпақстан Министрлер Кеңесі, Солтүстік-Батыс әскери округі, Нөкіс хокимияты, Қарақалпақтың «Камолот»  қозғалысы кеңесінің өкілдері, жұртшылық, жастар қатысты.

Әндіжан облысының хокимиятында Ислам Каримовтың өмірі мен қызметіне арналған Еске алу кабинеті ашылды. Онда мемлекет басшысының жетекшілігімен қол жеткізілген елдегі, шетелдегі табыстарды көрсететін фотолар, оның кітаптары  орналастырылды.  Үлкен экранда Ислам Каримовтың Әндіжан облысына келген сапарлары жайлы видеосюжеттер көрсетілуде.

null