Өзбекстанда караокедегі өрттен 6 адам көз жұмып, жетеуі ауруханаға түсті

ФЕРҒАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Ферғана қаласында 4 қабатты үйдің жертөлесінде орналасқан караоке-дәмхана өртенді. Адамдар қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат nuz.uz-ге сілтеме жасап.

Өзбекстанда караокедегі өрттен 6 адам көз жұмып, жетеуі ауруханаға түсті
Фото: t.me/MCHSUzbek

Мәлім етілгендей, өрт туралы хабарлама сағат 11.39-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 11.44-те жеткен. Жалынның таралуы 11.48-де оқшауландырылып, 11.56-да толығымен сөндірілді.

ЧСалдарынан 6 адам қаза болып, тағы 7 адам ауруханаға жеткізілді.

Ел президентінің тапсырмасымен премьер-министрдің орынбасары Ачилбай Раматов басшылық ететін үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия Ферғана облысына аттанып кетті.