Өзбекстанда қазақ тілін оқыту жаңа қарқын алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Министрлер кабинеті жанындағы Ұлтаралық қатынастар мен достық байланыстар комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатты ҚХА Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко мен Ұлтаралық қатынастар мен достық байланыстар комитеті Рустам Курбанов рәсімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүгін тарихи оқиға орын алды. Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Министрлер кабинеті жанындағы Ұлтаралық қатынастар мен достық байланыстар комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум қазірдің өзінде іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан шараларды заңды түрде бекітіп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар ол қазақ пен өзбек бауырлас халық екенін, діні мен тарихы тамырлас екендігін баса айтты.

«Қазақстанда шамамен 400 мың өзбек, ал Өзбекстанда 450 мыңнан астам қазақ тұрады. Елдеріміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруіне барлық жағдай жасап отырған ақылды басшыларымыздың қызметін айрықша атап өткен жөн. Біздің көптеген мейрамдарымыз Қазақстанмен ортақ болып келеді. Ал бүгінгі қол қойылған меморандум  қарым-қатынастарымызды барынша жоғары деңгейге көтеруге және оны жаңа шығармашылық бастамалармен байыта түсуге мүмкіндік береді», - деді комитет басшысы.

Рустам Курбанов Қазақстанда өзбек тілін, ал Өзбекстанда қазақ тілін оқыту мәселелеріне де тоқталды.

«Келесі жылы Өзбекстанда Қазақстан жылының өтетіндігін ескере отырып, осы меморандум аясында бірнеше ірі шара белгіленіп отыр және оны жүзеге асырудың Жол картасын құруға келістік. Барлық белгіленген шаралар барынша қатаң бақылаумен орындалатын болады. Бірқатар шара тарихты зерделеуге, суретшілеріміздің бірлескен жұмыстарына бағытталмақ. Меморандумда Қазақстанда өзбек тілін, Өзбекстанда қазақ тілін оқытуға бірлесіп жәрдем көрсету жайында айтылған. Бізде қазақ тілінде білім беретін 100-ге жуық мектеп, педагогикалық университеттерде қазақ тілі мұғалімдерін дайындайтын 3  факультет бар. Ал Қарақалпақстанда тілді оқытып қоймай математикадан, физикадан және басқа да пәндерден қазақ тілінде педагогтар дайындайды. Меморандум бұл жұмыстарды кеңейтіп, оны жаңа мазмұнмен байытуға септігін тигізеді», - деді Рустам Курбанов.

null

Айта кетейік, елорданың 20 жылдың мерейтойына орай Азиядағы өзара сенім шаралар кеңесі ұлттық-мәдени орталықтарының азаматтық форумы өтіп жатыр. Шара аясында «Астана - ұлы дала елінің жауһары» атты фотокөрме мен өңірлерден келген қатысушылардың сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ұйымдастырылған. Сонымен қатар АӨСШК елдері ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен Астананың 20 жылдығына арналған флэш-моб та өтті.

null

Соңғы жаңалықтар