20:56, 26 Шілде 2024 | GMT +5
Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1043 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр
ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігі елде шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың санын жариялады.

Статистика агенттігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстанда шетелдік инвестицияның қатысуымен 13 880 кәсіпорын мен ұйым жұмыс істейді.
«Өзбекстанда шет мемлекеттердің капиталы қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны төмендегідейдей: Ресей – 2911; Қазақстан – 1043; Тәжікстан – 291; Қырғыз Республикасы – 267; Әзірбайжан – 230; Беларусь – 207; Түркіменстан – 186; Армения – 44; Молдова - 24», - делінген хабарламада.