Өзбекстанда қылмыс жасаған адам Степногорск қаласында 10 жыл бойы жасырынып жүрген

АСТАНА. KAZINFORM – Степногорск қаласында 10 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды.

қылмыстық топ
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өзбекстан Республикасы Навои облысы ішкі істер басқармасы мемлекетаралық іздеу жариялаған қылмыскер Степногорск қаласында ұсталды.

- Жедел уәкілдердің айтуынша, ер адам 2014 жылдан бері Қазақстанда жасырынып жүрген. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, - делінген ақпаратта.

Степногорскіде отбасын құрып, осы уақытқа дейін қара жұмыс істеген. Қазір ол Степногорск қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

- Ұсталған адам көрші елдің азаматы болғандықтан оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда, - делінген хабарламада.

Осыған дейін адам өліміне қатысты қылмысқа күдікті Ресейден экстрадицияланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар