Өзбекстанда «қызыл» санатқа жататын мектептердің саны азайды
Мектепке дейінгі және мектеп білім министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылы инвестиция және басқа да қосымша бағдарламалар аясында 563 мектептің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 120 мыңға жуық жаңа оқу орны ашылды. 115 мыңға жуық орындық оқу ғимараттары толық жөндеуден өтті.
11 сыныптың 12 мыңға жуық түлегі алтын белгімен, 2 мыңнан астамы күміс медальмен марапатталды.
Бастауыш сыныптарға арналған 500-ге жуық атаудағы оқулықтар және басқа сыныптар үшін Кембридж, Клетт, Дидьер халықаралық баспаларының жергіліктендірілген 88 атаулы оқулығы енгізілді. Оқушылар үшін 63 миллион данадан астам оқулықтар шығарылды.
Мектеп оқушылары ең беделді 5 халықаралық ғылым олимпиадасында жалпы 13 медаль, басқа да халықаралық олимпиадаларда 52 медаль жеңіп алды.
Инклюзивті білім беру енгізілген мектептердің саны 415-ке, ондағы оқушылар саны 736-ға дейін өсті. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 153 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Мектеп бітірушілердің ЖОО кіруде орташа балы 77,1 балды құрады, мемлекеттік гранттық орындардың 77 пайызы биылғы мектеп түлектерінің үлесіне тура келген.