Өзбекстанда көпір қирап, адамдар мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда ел басшысы Ислам Кәрімовтың өкімі бойынша Хорезм облысының әкімшілік орталығы болып табылатын Үргеніш қаласында көпір жақтауының жартылай қирауы себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Би-би-си.

Өзбекстанда көпір қирап, адамдар мерт болды

Өзбекстандық ТЖМ-нің хабарлауынша, қайғылы оқиға жұма күні кешке мәдениет және демалыс саябағындағы концерт кезінде орын алған. Көпірге адамдар тым көп жиналғандықтан, оның торлы жақтаулары бірнеше жерлерінен сынып, біраз көрермендер көлге құлап кеткен. ТЖМ әзірге опат болғандар санын туралы мәлімет бермей отыр. Шамамен 20 адам, оның ішінде негізінен балалар мерт болған деген нақтыланбаған деректер бар.

валюта
Ұқсас жаңалықтар

Апта басында доллар бағамы қандай