Өзбекстанда көпшілік шаралар мен жиындарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді
Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, тиісті органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Өзбекстанда мәдени және ойын-сауық (театр, кино, концерт залдары), көпшілік адам жиналатын шаралар мен жиындарды ашық алаңдар мен жабық кешендерде өткізуге рұқсат етілді.
Сондай-ақ үйлену тойлары мен отбасылық жиындарға қойылған шектеулер жеңілдетілді. 20 қыркүйектен бастап тойханаларда отбасылық салтанатты шаралар мен той-жиындарды 100 адамнан көп болмаған кезде, санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізуге рұқсат берілді.
Республикалық арнайы комиссияның отырысында Өзбекстан мұсылмандары кеңсесі мен Дін істері бойынша комитеттің 2021 жылдың 24 қыркүйегінен бастап жұма намазы мен басқа да намаздарды мешіттердің тек ашық жерлерінде оқылуы бойынша шектеуді жою туралы ұсынысы қаралып, мақұлданды.