Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус елдің тағы екі азаматынан анықталды. В ирус 15 наурыз күні Түркиядан Өзбекстанға келген азаматтың зайыбынан табылды.

Сондай-ақ, ауруға шалдыққан тағы бір азамат анықталды.

Осылайша, Өзбекстанда індетке шалдыққандардың жалпы саны 10 адамға жетті.

Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясының белгілері бар бірінші науқас 15 наурызда анықталды. Бұдан кейін Өзбекстанда ауыр дертке шаллдыққандар саны 8-ге дейін көбейген. Вирус бірінші науқастың үш туысынан, сондай-ақ екі баласынан анықталды. Бұдан басқа, 14 және 15 наурыз күндері Ұлыбритания және Түркиядан келген азаматтардың коронавирус жұқтырғаны анықталды.


Соңғы жаңалықтар