17:02, 18 Наурыз 2020 | GMT +5
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде елде коронавирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті.
Негізінен вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі – COVID-19 диагнозы қойылған шетелден келген өзбек азаматтарының туыстары.
Расталған жағдайлардың барлығы Ташкентте тіркелген.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай 15 наурызда Франциядан келген өзбек азаматынан анықталған.
Фото: uznews.uz