Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 390 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 390 адамды құрап отыр. Оның ішінде 188 ер адам және 202 әйел.

Жас ерекшеліктері бойынша науқастар арасында:

0-9 жасар 10 адам (2,6%);

10-19 жас – 15 (3,8%);

20-29 жас – 59 (15,1%);

30-39 жас – 111 (28,5%);

40-49 жас – 123 (31,5%);

50-59 жас – 48 (12,3%);

60-69 жас – 17 (4,4%);

70-79 жас – 6 (1,5%);

80 жастағы – 1 (0,3%) адам.

Қазіргі уақытта 170 науқас Ташкент қаласында, 64 – Ферғанада, 61 – Әндіжанда, 48 – Наманганда, 19 – Бұқарада, 18 – Хорезмде, 6 – Қашқадарияда, 2 – Қарақалпақстан Республикасында, 2 – Навои облысында инфекциялық ауруларды емдеуге маманданған медициналық мекемелерде ем алуда.

Қазіргі уақытта осы аурудан 30 адам толықтай емделіп шықты. 31 науқаста пневмония бар. Оның ішінде 9 науқастың жағдайы орташа ауыр болса, екеуі – ауыр халде жатыр.