Өзбекстанда көшкін салдарынан 5 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда лай көшкіні салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің ТЖМ хабарлады.
Төтенше оқиға сейсенбі күні түске қарай Ташкент-Ош жолының бойында «Камчик» асуында орын алған.
13 300 текше метр лай көшкіні жүрген. Оның астында екі көлік басылып қалған. Бес адам қаза тауып, тағы алты адам дер кезінде құтқарылған.