Өзбекстанда күн 47 градусқа дейін ысиды

ТАШКЕНТ. КАЗИНФОРМ – Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызмет орталығы ауа температурасының 47 градусқа дейін көтерілетіні туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
None

Ведомствоның мәліметінше, 17-22 шілде аралығында Өзбекстан аумағына Түрікменстан арқылы Иран аймақтарынан ыстық ауа шығарылады.

«Осыған байланысты күндізгі ауа температурасы:

- Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхар, Навои, Қашқадария, Сурхандария облыстарында 44-47 градусқа дейін;

- Ташкент, Самарқан, Жизақ, Сырдария облыстарында 42-45 градусқа дейін;

- Ферғана алқабының облыстары бойынша 41-43 градусқа дейін көтеріледі», - деп хабарлады Өзгидромет.

Ведомствоның хабарлауынша, республика бойынша кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда екпіні 22-25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.



Фото: kartinkin.net

Соңғы жаңалықтар