20:23, 18 Қараша 2022 | GMT +5
Өзбекстанда лицензиясы бар алғашқы криптодүкендер пайда болды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда криптодүкен қызметін жүргізу үшін алғашқы лицензиялар берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Ұлттық перспективалық жобалар агенттігінің (ҰПЖБ) деректері бойынша, Өзбекстан крипто-активтер айналымын реттеу бойынша қалыптасқан нормативтік-құқықтық базасы бар әлемнің санаулы елдерінің бірі.
«Жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізінде Агенттік «Crypto Trade NET» ЖШҚ және «Crypto Market» ЖШҚ криптодүкенінің қызметін жүзеге асыруға алғашқы лицензиялар берді. Криптодүкендер азаматтарға криптоактивтерін сатып алуға немесе сатуға көмектеседі», - деп хабарлайды ҰПЖБ.
Тіркелген криптодүкендер тек Өзбекстанда ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия мен ТМД-да бірінші болды. Агенттік сонымен қатар азаматтарды абай болуға және лицензиясы жоқ криптоделдалдардың қызметтерін пайдаланбауға шақырды.
Фото: coinsnetwork.com