Өзбекстанда мешітте жойқын жарылыс болып, үш адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 31 наурыз күні сағат 12:19-да Өзбекстанның Әндіжан облысы, Ізбасқан ауданындағы мешіт аумағындағы дәретханада газ-ауа қоспасынан жойқын жарылыс болды. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Өзбекстанда мешітте жойқын жарылыс болды
Фото: видеодан алынды

Хабарда оқиға орнына бірден екі құтқару тобы мен екі өрт сөндіру және құтқару бригадасы жеткені айтылған.

Дәретхананың қабырғасы мен шатырының құрылымдарына зақым келген, бірақ өрт шықпаған.

Жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Қазір бұл оқиғаға қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп қосты ведомство.

Өзбекстан билігі ірі АЭС салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар