Өзбекстанда Наурыз карантин талаптарына сәйкес тойланады

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстанда Наурыз мерекесі карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА-не сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан аумағында коронавирустың таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау бойынша өткен жиында көктемгі мереке Наурызды тойлау туралы қаулы қабылданды.

Осы шешімге сай:

· мерекелік іс-шаралар ауа-райына байланысты жағдайды ескере отырып, ашық алаңдарда, яғни саябақтарда, аллеялар мен стадиондарда өткізу;

· мерекелік іс-шаралар кезінде халықтың көп жиналмауын және келушілердің маска тағуын, әлеуметтік арақашықтықты сақтауын қамтамасыз ету;

· адамдардың көптеп топталуын болдырмау үшін, махалаларда шағын іс-шаралар ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды.

Сонымен бірге, құқық қорғау органдарына мереке кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шараларын қабылдау міндеті жүктелген.


Соңғы жаңалықтар