Өзбекстанда несие жарнамасына міндетті ескерту енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстанда несие мен микрокредит жарнамасында қарызды өтемеуге байланысты қаржылық тәуекелдер туралы ескерту міндетті болады.

Узбекистан вводит обязательные предупреждения о рисках в рекламе кредитов
Фото: Daryo.uz

«Жарнама туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, қаржылық тәуекелдер туралы ескерту жарнаманың жалпы көлемінің кемінде 10 пайызын қамтуы керек. Аталған талап жарнаманың көрнекі бөлігіне де, аудио және бейнероликтердің ұзақтығына да қатысты болады.

Бұл бастама халықтың қаржылық сауатын арттыруға, несие алуға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және шамадан тыс қарызға батудың алдын алуға бағытталған.

Бұған дейін Өзбекстанның Бәсекелестік комитеті микрокредит пен тұтынушылық несие нарығының кеңейіп, халықтың қарыз жүктемесі артқанын хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай қызметтердің жарнамасында несие алудың оңай екені жиі насихатталады, алайда оған байланысты қаржылық тәуекелдер толық түсіндірілмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларға арналған фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынғаны хабарланған болатын.