Өзбекстанда оқушылар мен мұғалімдер жыл сайын психологиялық бағалаудан өткізілмек
АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстан білім беру мекемелерінде мектеп оқушылары, студенттер мен мұғалімдер, сондай-ақ балабақша қызметкерлері үшін жыл сайынғы психологиялық диагностика енгізіліп жатыр.
Өзбекстан президентінің қаулысына сәйкес, диагностика арнайы электрондық платформада жүргізіледі. Бағалау кезінде алынған жеке деректер мен ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етілуге тиіс.
Нәтижелер жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы талданады. Қатысушылар:
- психологиялық тұрғыдан тұрақты;
- психологиялық қолдауға мұқтаж;
- белсенді психологиялық қолдауды қажет ететін тұлғалар деп үш топқа бөлінеді.
Бағалаудан кейін қатысушыларға білім беру мекемесінің психологі және тиісті аймақта жұмыс істейтін тәлімгер-психолог тағайындалады.
Жүйе екі кезеңде енгізіледі. 2026-2027 оқу жылынан бастап мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелеріне, ал 2027-2028 оқу жылынан бастап орта арнайы, кәсіптік және жоғары оқу орындарыне енгізіледі.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан латын әліпбиіне қатысты көпжылдық дауға нүкте қойғанын хабарлағанбыз.