Өзбекстанда өз сәбиін азаптаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Ақтауда 20 миллионыншы сәбилермен бір күнде 19 бала өмірге келді
Фото: Pixabay

Жизақ облысында сәбиін азаптап, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге барған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform сол елдегі балалар омбудсменінің хабарламасына сілтеме жасап.

Жизақ қаласында тұратын әке өз баласына «адамилыққа жатпайтын қылмыстық әрекеттерді» үздіксіз жасағаны анықталды. Әлеуметтік желілерде бұл әрекеттерді бейнелейтін видео тарады.

Баланың анасы ішкі істер органдарына арызданған соң, 20 желтоқсанда ӨР Қылмыстық кодекстің 110-бабы (Азаптау), 112-бабы (Кісі өлтіру немесе күш қолдану арқылы қорқыту) және басқа да баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғаны атап өтілген.

Айтуларынша, тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар