Өзбекстанда парламенттік сайлау өтіп жатыр
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі (парламенттің төменгі палатасы) және жергілікті халық депутаттары кенгашиі (кеңесте) сайлауы өтіп жатыр.
Жергілікті уақытпен сағат 06:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 07:00-де) барша ел бойынша 135 сайлау округтерінде орналасқан 9 мың учаскенің есігі ашылды. Дауыс беруге дауыс беру құқығына ие елдің 20 млн 789 мыңнан астам азаматтары қатысады.
Парламенттегі орынға төрт саяси партия таласады. Бұл Өзбекстанның Халықтың демократиялық партиясы, "Миллий тикланиш" демократиялық партиясы, "Адолат" әлеуметтік-демократиялық партиясы, кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы - Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы. 135 орынға 535 үміткер бар.
15 орынға квота Өзбекстанның Экологиялық қозғалысына бөлінді, бұл қозғалыстан депутаттар бүгін республикалық экологтар конференциясында жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын бірқатар мемлекеттерден бақылаушылар, халықаралық ұйымдар мен қозғалыстар өкілдері қадағалайды. Олардың ішінде - ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері, ТМД атқарушы комитеті, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ 40 елден бақылаушылар, оның ішінде ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанұлов бастап қазақстандықтар бар.