Өзбекстанда парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Алдын ала қорытындыға сәйкес Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заңнамалық палатасына 113 сайлау округі бойынша депутаттар сайлады.
Өзбекстанның Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы - либералдық-демократиялық партиясынан 47 депутат, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан - 28, халықтық-демократиялық партиясынан - 21, «Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясынан 17 депутат сайланды. Бұл туралы брифингте Өзбекстан ОСК төрағасы М. Абдусаломов хабарлады.
Оның айтуынша, Өзбекстанның Экологиялық қозғалысының Конференциясы өтті, онда Өзбекстан Республикасының әр әкімшілік-аумақтық бірлігінен және Экоқозғалыс Орталық кенгашының Атқарушы комитетінен өкіл болып табылатын үміткерлер конференциясында ұсынылғандар ішінен Экоқозғалыстан парламенттің Заңнамалық палатасына жасырын дауыспен 15 депутат сайланған.
22 округте бірде-бір үміткер қажетті дауыс санын жинай алмаған. Осыған орай, заңнамаға сәйкес бұл округтерде заңнамада айқындалған мерзімде ең көп дауыс жинаған екі үміткер бойынша қайта дауыс берілетін болады.