Өзбекстанда парламенттің төменгі палатасына сайлау өтіп жатыр

ТАШКЕНТ. УзА – ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасында 10 мың 260 сайлау учаскесінде Олий Мәжілісінің заң шығарушы палатасы мен Кеңес халықтық депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат УзА-ға сілтеме жасап.

Өзбекстанда парламенттің төменгі палатасына сайлау өтіп жатыр

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Абдусаломов Халықаралық баспасөз орталығындағы баспасөз мәслихатыда Өзбекстан сайлауы тарихында бірінші рет автоматтандырылған жүйе пайдаланылғанын атап өтті. Нәтижесінде 20,5 млн сайлаушы тіркелген, олардың 97,7% Өзбекстанда дауыс берген болса, қалғаны шет елдерде.

Сайлауға 5 саяси партияның үміткерлері қатысып жатыр.