Өзбекстанда питонды үйінде ұстаған азамат ұсталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – ӨзбекстандағыСамарқанд облысының тұрғыны халықаралық қызыл кітапқа енген жолбарыс питонын елге заңсыз жолмен әкеліп, оқу орындарында қойылым қойып келген. Бұл туралы Kazinform Самарқанд облысы экология басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

вывы
Фото: Самарқанд облысы экология басқармасы

Бұл жолбарыс питонының ұзындығы 2,78 метр, ені 28 см екені анықталды.

Қазіргі уақытта жолбарыс питоны Самарқанд облыстық экология басқармасының қорғауында және «Зарафшон» ұлттық табиғи паркінің сауықтыру орталығында саябақ мамандарының арнайы тексеруіненен өтіп жатыр.Тиісті сараптама тағайындалып, тиісті қорытынды жасалмақ.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда танысын Түркияға жезөкшелікпен айналысуға жіберіп жатқан әйел ұсталғаны жайлы жазған едік. Сонымен қатар Өзбекстанда автобус жолағына түскен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынбақ.

 

Соңғы жаңалықтар