Өзбекстанда президенттікке үміткерлер тіркелді
ОСК-ның сарапшы топтары партиялардың 31 мамырдан 2 маусымға дейін кандидаттарды қолдау үшін дауыс жинаған парақтарын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған құжатта қол жинау парақтары заңнамаға сәйкес және жеткілікті мөлшерде екені айтылған.
ОСК-ға кандидаттарды тіркеу туралы түскен өтініштер негізінде президенттікке мынандай үміткерлер тіркелген:
Халықтық-демократиялық партиядан – Ұлықбек Ілиясович Оноятов;
Либерал-демократиялық партиядан (ӨзЛиДеП) – Шавкат Миромонович Мирзиёев;
«Адолат» әлеуметітік-демократиялық партиясынан – Робахон Ануаровна Махмудова;
Экологиялық партиядан – Абдушүкір Худойкулович Хамзаев.
«Миллий тикланиш» партиясы өз кандидатурасын ұсынудың орнына Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтынын мәлім етіп отыр.
Осылайша ОСК шешімімен сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 7 маусымда басталатын болды. Кандидаттарға республикалық және өңірлік телерадиоарналардан тегін эфир уақыты мен баспа басылымнан ақысыз орын ұсынылмақшы.