Өзбекстанда шахтада тас басып қалған ер адам қаза тапты
Әндіжан облысының Булоқбашы ауданындағы шахтада 46 жастағы ер адамды тас басып қалды. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
25 қарашада Әндіжан облысы Булоқбашы ауданындағы шахтада жұмыс істейтін 46 жастағы ер адам абайсыздықтан көз жұмды. Бұл туралы ӨР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға таңғы сағат 10:00-де «Мұхаммед Тош» шахтасында болған. Қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адамның үстіне абайсызда тас домалап түсіп, жаншып өткен. Салдарынан ол сол жерде көз жұмды.
Марқұмның әйелі мен екі баласы болған. Қазір аудандық ІІБ тергеу бөлімі тергеу амалдарыy жүргізіп жатыр.