Өзбекстанда соғыс ардагерлері Жеңіс күні мерекесіне орай ақшалай сыйлық алады

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Мамырдың 9-ы күні ескерткіштер жанында бас қосатын осыдан 64 жыл бұрын аяқталған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қатары жыл сайын азайып келеді.

Өзбекстанда   соғыс ардагерлері    Жеңіс  күні   мерекесіне  орай   ақшалай сыйлық  алады
Дегенмен фашизмді жеңуге үлес қосқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері біздің замандастарымыздың, келешек ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Мамырдың 9-ы күні Өзбекстанда халық мерекесі ретінде атап өтіледі, бұл күн осы елде Еске алу және құрмет көрсету күні деп аталады. Ташкентте осы күні қариялар мен жастар, қала тұрғындары мен қонақтары, дипломатиялық корпустың өкілдері дәстүр бойынша Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды. Соғыс жылдары Ташкенттегі әскери госпитальдің жауынгерлері мен офицерлерді жерленген Волгоград зиратына да гүл шоқтары қойылады. Жеңістің 64 жылдығының құрметіне өткен аптада Өзбекстанда Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен ардагерлерін материалдық ынталандыру туралы жарлық шығарылды.