Өзбекстанда студенттерге пойыз билетіне 50 пайыздық жеңілдік беріледі

2023 жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 7 қаңтары аралығында жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге пойыз билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік беріледі, деп хабарлайды Kazinform «Өзбекстан темір жолдары» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

пойыз
Фото: ӨзА

Жеңілдіктер SV/VIP классты вагондар мен жүрдек «Афросиёб» электр пойызына қолданылмайтыны атап көрсетілген.
Билеттерді төлқұжатпен теміржол кассаларынан немесе сайты арқылы электронды түрде сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар