Өзбекстанда табиғи газбен жүретін автомобильдер жаппай шығарыла бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы күзде GM Uzbekistan зауытында табиғи газбен жүретін автомобильдер жаппай шығарыла бастайды, деп хабарлайды УзТАГ компаниядағы дереккөзге сілтеме жасап.
Дереккөздің айтуынша, газ баллонының құрал-жабдықтарын Avtosanoat-Landi Renzo өзбек-итальян бірлескен кәсіпорны жеткізетін болады. Қазірдің өзінде 25 машина Өзбекстанның үш аймағында сынақтан өткізілуде.
Компанияның жоспары бойынша алғашқы 1,5 мың автомобиль ағымдағы жылы қазан айында сатылымға түспек.