Өзбекстанда такси қызметін көрсету үшін лицензия алу керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда 2018 жылдан бастап жеке тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде такси қызметін көрсетуге рұқсат беру қарастырылуда, деп хабарлайды Тренд .
None
None

Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары-қаржы министрі Джамшид Кучкаров Сенат отырысында мәлім етті.

Жаңа ереже жолаушылар саны төрт адамнан аспайтын автомобильдерге қатысты болмақ.

Сондай-ақ, азаматтарға такси қызметін көрсету үшін лицензия алу міндеттеледі.

Қазіргі таңда тек заңды тұлғалар ғана коммерциялық негізде автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдаумен айналысып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар