Өзбекстанда той жиын өткізуге шектеулер енгізілмек

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстанда 1 сәуірден бастап той жиындары мен қоғамдық шаралар ұйымдастыруда кейбір шектеулер енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанда той жиын өткізуге шектеулер енгізілмек

Республикалық арнайы комиссия соңғы күндері Ташкент және Ташкент облысында коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты елде эпидемия өршуіне жол бермеу мақсатында бірқатар ұсыныстарды мақұлдады.

Ондағы шешімге сай, 1 сәуірден бастап отбасылық мерекелер, үйлену тойлары, салтанатты кештер мен неке қию рәсімінде аурудың таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, келушілердің санын 100 адамнан асырмау қажеттігі талап етілген.

Еске салсақ, 25 наурыздан бастап Өзбекстан аумағына кірудің жаңа тәртібі енгізіледі.