Өзбекстанда триатлоннан әлем кубогы өтеді

Триатлон
Фото: freepik.com

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 18-19 мамырда Өзбекстанның Самарқанд қаласында триатлоннан әлем кубогы өтеді. Сондай-ақ жарыс аясында Өзбекстан чемпионаты мен Азия триатлон конфедерациясының кезекті форумы, Орталық Азия триатлон қауымдастығының конгресі де өтуі жоспарланған. Бұл туралы UzA агенттігі жазды.

«World Triathlon Cup Samarkand — 2024», «World Triathlon Para Cup Samarkand — 2024» әлем кубогы жарыстары әлем назарындағы жарыстардың бірі. Өйткені бұл жарыстар спортшылардың Париж Олимпиадасына жолдама алуына тағы бір мүмкіндік. Сондықтан байқауға қызығушылық өте жоғары. Оған 300-ден астам халықаралық кәсіби спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 7-8 қыркүйегінде Өзбекстанда «Challenge Samarkand — 2024» халықаралық триатлон жарысы да өтеді.

Соңғы жаңалықтар