Өзбекстанда туристерге визаны алып тастау 2021 жылға дейін шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президентінің жарлығымен көктемге жоспарланған 20 елдің туристеріне визаны алып тастау 2021 жылға дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлайды gazeta.uz.

Өзбекстанда туристерге визаны алып тастау 2021 жылға дейін шегерілді

Еске салсақ, Өзбекстанның Мемлекет басшысының  2 желтоқсандағы жарлығына сәйкес 1 сәуірден бастап 15 елдің азаматтарына, 12 елден 55 жасқа жеткен туристер үшін  визалық режімді жою жоспарланған.  

Жарлықта атап өтілгендей, визаны алып тастауды кейінге қалдыру шешімі «туристік қызметті орнықты және теңгерімді дамыту, қажетті материалдық-техникалық база құру, шетел туристері мен республика азаматтары  өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету» мақсатында қабылданған.