Өзбекстанда үш адамды өлтірген бұрынғы ІІБ қызметкері өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 2024 жылдың сәуірінде Өзбекстанның Сырдария облысы Сырдария ауданында бір отбасының үш мүшесін өлтіріп, мәйіттерін өртеп жіберген бұрынғы ішкі істер бөлімінің қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады Gazeta.uz.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Қылмыс 27 сәуірде жасалған. 4 қазанда бұл қылмыстық іс Сырдария аудандық сотында қаралды.

Сотталушы 2022-2023 жылдар аралығында ІІБ қоғамдық тәртіпті сақтау бөлімінде арнайы қабылдау кезекшілігінің инспекторы қызметін атқарған.

Ер адам 26 сәуірде азамат Э.К. (әйелдің) үйіне барып, әңгіме барысында олардың арасында келіспеушілік туындаған. Әйел ер адамның әкесі мен қызына тіл тигізгендіктен төбелес шыққан.

Осыдан кейін сотталушы жәбірленушінің мойнына, жақ сүйегіне және маңдайына өткір жүзді әйелдердің тырнақ егеуішімен бірнеше рет ұрып, оны қасақана өлтірген.

Ер адам өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, марқұмның ұлы мен көрші бөлмеде жатқан анасын да өлтірген. Артынан ол мәйіттер жатқан бөлмелерді өртеп жіберген. Сонымен қоса үстел үстінде тұрған Redmi 12 телефонды алып, жасырын үйден шығып кеткен.

Сот үкімімен, аталған қылмыстарды жасағаны үшін бұрынғы ІІБ қызметкері кінәлі деп танылды.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 97-бабының 2-бөлігінің «в,р» тармақтарымен өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазаны ерекше тәртіптегі колонияда өтеу туралы шешім қабылданды.

Осыған дейін Өзбекстанда көршілес елдерден әкелінген 50 келіге жуық есірткі тәркіленгені туралы жаздық.