Өзбекстанда Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен ширек финалға жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM - Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Турнирдің үздік сегіз командасының қатарына қосылу үшін өткен плей-офф кезеңіндегі шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар Ирак құрамасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, ұлттық құрама құрлық біріншілігіндегі жарысты жалғастырады. Ширек финалда Қазақстан Жапония құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде қазақстандықтар Филиппинді (3:0) және Шри-Ланканы (3:1) ұтқан. Ал плей-офф кезеңінде Малайзия құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті.
Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов, Айдос Кенжіғұлов және Ескендір Харки өнер көрсетуде.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Бублик пен Нұрланұлы алғаш рет бірге өнер көрсетті.