Өзбекстанда валюта айырбастауға шектеу алынып тасталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2 қыркүйекте «Валюта саясатын либералдандырудың тығыз шаралары туралы» туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды podrobno.uz .
None
None

Құжатқа сәйкес, елдегі заңды және жеке тұлғалар шетелдік валютаны еркін айырбастауына болады.
5 қыркүйектен бастап Өзбекстандағы заңды тұлғалар ағымдағы халықаралық операциялар (тауарлар мен қызметтер импорты, табыстарды қайтару, несиелерді өтеу, іссапар шығындарын төлеу, т.б.) бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін шетелдік валютаны коммерциялық банктерден ешқандай шектеусіз алады.
Ал жеке тұлғаларға ақша айырбастау орындарында, коммерциялық банк бөлімшелерінде қолданыстағы тәртіп бойынша шетелдік валютаны сатуына, сатып алуына рұқсат етілді. Бұдан тыс тұрғындар сатып алған валютасын халықаралық төлем карталарына өткізіп, шетелде жүргенде ешқандай кедергісіз пайдалануына мүмкіндік жасалды
Заңды тұлға ретінде тіркелмеген, бірақ тұтыну тауарларын импорттаумен айналысатын жеке кәсіпкерлерге шетелдік валюталарды айырбастаудың заңды тұлғалар үшін шығарылған тәртіпте алмастыруына рұқсат беріледі.
Экспорттаушылардың шетелдік валютасында валюта түсімін міндетті сатуды талап етуге, меншік түрінен тыс, жол берілмейді.
Шетелдік валютасы бар заңды тұлға ретінде тіркелмеген жеке кәсіпкерлер және фермерлік шаруашылықтар өз банк есеп-шоттарынан шетелдік валютаны нақтылай алуына болады.

Соңғы жаңалықтар