Өзбекстанда жаңа министрлік пайда болды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан үкіметінің құрылымында жаңа министрлік пайда болды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігі Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік байланыс, ақпараттандыру және телекоммуникациялық технологиялар комитетінің базасында құрылды.
Еске салсақ, 1997 жылы Байланыс министрлігі базасында Өзбекстан пошта және телекоммуникация агенттігі құрылған. 2002 жылы осы агенттіктің базасында Өзбекстан байланыс және ақпараттандыру агенттігі, 2012 жылы оның базасында Мемлекеттік байланыс комитеті құрылды.