Өзбекстанда жедел жәрдем көлігі жүргізушісі соққыға жығылды

Қарқадария облысының Шырақшы ауданында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі соққыға жығылды, деп хабарлайды Каzinform облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

жедел жәрдем
Фото: ТАСС

ДСБ бригаданың бұл қашықтыққа 14 минутта жеткенін айтады. Шақыртуға барған жедел жәрдем көлігін артқа қайтару үшін тағы бір жүргізуші шақыртылған. Ішкі істер органдары мән-жайды анықтауда.

Сағат 17:10-да Шырақшы ауданы Хожақорған ауылында тұратын 61 жастағы әйел қан қысымының көтерілуіне шағымданып хабарласқан. ДСБ медициналық көмек бригадасының 8 шақырымдық қашықтыққа 14 минутта жеткенін хабарлады.

Үй алдында оларды қарсы алған азамат (науқастың баласы болуы мүмкін) бригада жүргізушісімен жанжалдасып, соққыға жығып, бетін жарақаттаған. Жанжалдың себебі айтылмады.

Медбике әуелі науқасқа, кейін жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті.


– Оқиға туралы ішкі істер органдарына хабарланып, жағдай департаменттің бақылауына алынды, – делінген хабарламада.