Өзбекстанда жол апатын видеотіркегішке түсіргендерге ақы төленетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап Өзбекстанда видеотіркегішке жол ережесін бұзғандарды түсіріп алып, видеосын ұсынғандарға ақы төленетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстанда жол апатын видеотіркегішке түсіргендерге ақы төленетін болды

Ел үкіметінің қаулысына сәйкес, сыйақы сомасы ең төменгі жалақының 5% құрайды. Бүгінгі таңда Өзбекстанда ең төменгі жалақы 184 300 сум, 5% дегеніміз - 9 215 сум (407 теңге).

Сондай-ақ, жол апатының видеотаспасын ұсынғандарға қатысты жеке мәліметтерді таратуға тыйым салынады.

Өзбекстанда автокөліктерге видеотіркегіштер орнату міндеттеледі. Құқық бұзушылық туралы видеотаспа процессуалдық шешім қабылдағанда қаралады.

Өзгеріс 2019 жылдың 1 шілдесінен енгізіледі.