Өзбекстанда жол апатынан 9 адам қаза тапты
Министрліктің мәліметтерінше, 22 қазан күні А-380 көлік магистралінің екі учаскесінде - Қарақалпақстан автономдық республикасы мен Жизақ облысында күндіз адам өліміне соқтырған екі жол апаты болды.
Сағат 08:05-те (жергілікті уақытпен сағат 6:05) Қарақалпақстанның Беруний ауданының аумағында Daewoo Nexia мен Chevrolet Cobalt жеңіл көліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік апаты салдарынан бес азамат қаза тауып, тағы бесеуі дене жарақаттарын алды», - делінген ТЖМ-нің Telegram-арнасының хабарламасында. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Сол күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-де А-380 күре жолының 333-ші шақырымында, Жизақ облысының Жондор ауданында Chevrolet Lacetti жеңіл көлігі мен Isuzu жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп кеткен.
«Жол апатынан 4 адам ажал құшты», - деп хабарлайды министрліктен.
Қазіргі кезде жол-көлік апаттарының себептері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп қосып өтті ТЖМ-нен.