Өзбекстанда жүктің бетін мемлекеттік тумен жапқан жүргізушіге айыппұл салынды

айыппұл
Фото: muslim_ibrokhimov

Әндіжан облысы Шахрихон ауданында көлік артындағы жүктің бетін жабу үшін мемлекеттік туды пайдаланған жүргізушіге 1 миллион сумнан астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Kazinform Әндіжан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қараша айының соңында Labo жүргізушісінің жүксалғышқа тиелген жүкті жалаумен бекіткен суреті әлеуметтік желілерде тараған болатын. 

Облыстық полицейлер бұл көліктің Шахрихон ауданының тұрғынына тиесілі екенін анықтады. Әндіжан облысы Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі жүргізушіге аудандық сот қылмыстық істер бойынша заңды шара қолданғанын хабарлады. 

Оған Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 203-1-бабының 1-бөлігі бойынша (мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы бұзу) 1 миллион 20 мың сум (37 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Соңғы жаңалықтар